Бүгін, 19 наурызда Осло қаласында (Норвегия) биатлоннан Әлем кубогының қорытынды кезеңі басталады, - деп жазады olympic.kz.

Халықаралық турнир аясында өтетін алғашқы жарыс - әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт болмақ.
Қазақстан атынан жарыс жолына үш спортшы шығады. Бұл сайыста ел намысын Лаура Киныбаева, Милана Генева және Айша Ракишева қорғайды.
Жарыс Астана уақытымен 20:15-те басталады.