БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасында «Білетінім - 9, білмейтінім - 99» облыстық қашықтық зияткерлік сайысы өткізілді.
Зияткерлік сайысқа облыс бойынша барлығы 269 оқушы қатысты.
Сайысты өткізудегі мақсат - оқушылардың математика, физика, география, биология пәндеріне қызығушылығын арттыра отырып, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрету, олардың ойлау қабілетін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіре отырып талантты оқушыларды анықтау.
Облыстық қашықтық зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары А.Қуанышкалиева, Қ.Ғазез, Орал қаласы, №41 жаратылыстану- математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Д.Қаташев, ал 10-сынып оқушылары арасында Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы ОЖББМ З.Таганиязова иеленді.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі