30.10.2019, 16:44
Оқылды: 53

Билік пен бизнес бірлігі ел әлеуетін арттырады

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және экспортты ілгерілету бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті. Аталған басқосуға «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі басқарма төрағасының кеңесшісі Болатбек Қуандықов қатысты.

akimat (3)

-Ел Президентінің тапсырмаларымен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында инвестицияларды тарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Бәсекеге қаблеттілікті арттыру, шикізат емес секторды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде. Біздің облыста биыл тартылған инвестиция көлемі 36 %-ға өсіп, 390 миллиард теңгені құрады. Мұндай өсімдегі жеке инвестициялардың үлесі 92 %-ды құрады. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі ширата түсу мақсатында бүгінгі кеңес отырысына «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілі арнайы қатысуда,-деді облыс әкімі.

Кеңесте сөз алған Болатбек Баянұлы халықаралық қаржылық қызмет түрлерін пайдаланушылардың құқығын қорғау, инвестиция салу мен жеке кәсіп жүргізудің оңтайлы шарттарын көпшілікке түсінікті тілмен жеткізді.

akimat (4)

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылып, 2018 жылы 5 шілдесінен бастап орталық жұмысын бастады. АХҚО мақсаты - халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болатын.

Сондай-ақ АХҚО-ның негізгі функцияларының бірі – отандық және халықаралық деңгейдегі инвесторлар, қаржылық қызметтерді жеткізушілер және басқа да маңызды мүдделі тараптар үшін Қазақстанның жаһандық профилін және елдегі мүмкіндіктерге қол жеткізудің түсінікті әрі сенімді тәсілін құру. Шет мемлекеттердегі қаржы орталықтарының тарихы дәлелдегендей, мұндай мүмкіндіктер танымал және бизнесті жүргізуге сенімді орта арқылы ғана толық іске асады. Заңның үстемдігі бизнесте өте маңызды орын алады және АХҚО жоспарлаған мақсаттарының негізі де осы.

akimat (8)

–Бүгінде инвестицияларды тарту әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығы өз қызметі бастағаннан бері елімізге инвестиция тарту мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда сіздермен алғаш рет жүздесіп, аталған орталықтың жұмысы мен құрылымы, мақсаты мен міндеттері, және әр қаржы құралының қолдану форматы туралы сөз қозғауға мүмкіндік берілді. Әрине, аз ғана уақытта аталған орталықтың үлкен қызметі туралы толық мағұлмат беру мүмкін емес. Алдағы уатытта Батыс Қазақстан өңірімен тығыз қарым-қатынаста болып, сіздермен қоян-қолтық жұмыс жасауға дайын екенімізді айтқым келеді, -деді Болатбек Қуандықов.

akimat (5)
Мұнан соң спикер капитал нарығы, активтерді басқару, қаржылық технологиялар, исламдық қаржы, жеке тұлғалардың әл ауқатын басқару, жасыл қаржы секілді орталықтың негізгі қызметтеріне жеке-жеке тоқталып өтті.

akimat (10)
Кеңес отырысына қатысқан кәсіпкерлер әр сала бойынша оның ішінде «жасыл» қаржыландыру, салық жеңілдігі, құнды қағаздар, ислам қаржыландыру сияқты басқа да сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.

Нұрбек Оразаев 

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале