18.09.2020, 15:08
Оқылды: 66

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптар бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеріс енгізу туралы 

Заңды тұлғалардың білім беру қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады және лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін білім беру ұйымдарында лицензия алған сәттен бастап бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы туындайды. Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктілік бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктілік бойынша орта білімнен кейінгі білім беру, арнайы оқу орындары үшін білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.

500

Білім беру қызметін лицензиялауда оқу орындары «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген лицензиялық талаптарға сәйкес болуы және талаптарды растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

№391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 05 маусымдағы №231 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған бұйрық бойынша жалпы білім беретін білім беру бағдарламаларын, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жоғарыда аталған бағдарламалардың педагогтардың сапалық құрамы, оқу орындарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, соның ішінде санитарлық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу бөлмелерінің болуы бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңнамаға оқу орындарының нақты деректерінің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі, edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы қосымша талаптар енгізілді. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары мен мемлекеттік жалпы білім беретін білім беру мекемелерінде бейнебақылаудың болуы -міндетті талап қойылды.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандырылуы, жабдықтар мен жиһаздардың, жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы туралы талаптар бастауыш білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына да қойыла бастады.

Жаңа талап бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жұмыс жоспарлары Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігімен қатар  бар болса кәсіби стандартқа да сәйкес болу мүмкін.

Сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтерінде оқу кабинеттерімен, шеберханалармен, зертханалармен қатар міндетті талаптар- өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы. Оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандырылуы бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарына сәйкес болуы. ҚР БжҒМ №66 бұйрығына сәйкес студенттердің арасынан жатақхана орындарына мұқтаждар санынан кемінде 30%-на тұруы үшін жағдай жасалу қажет. Міндетті талап- колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы. Арнайы пәндер педагогтерінің және өндірістік оқыту шеберлерінің өндірісте кемінде тағылымдамадан өтуге, мамандықтар бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді ұсынуға көп көңіл бөлінеді.

Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға қосымша талаптар енгізілген. Мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша, денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. Сонымен қатар білім беру саласында мамандарды даярлаудағы осы талапқа мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары қосылмайды.

Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының, жалпы білім беру және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы қажет. Біліктілік талаптарға өзгерістерді ескере отырып, күшін жойған «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №204 бұйрығының орнына «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы №351 бұйрығы қабылданды.

Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарға енгізілген өзгерістер мен қосымша талаптар білім беру саласындағы көрсетілетін қызмет сапасына оң нәтижесін беруі тиіс, лицензияланған оқу орындарының білім беру қызметі толықтай білім беру саласындағы талаптарға сәйкес болады.

С.Жұмагереев,

 Батыс Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале