Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), өңірдегі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Форумның негізгі мақсаты - білім беру саласында академиялық адалдықты дамыту, «Адал азамат» қағидатын іске асыру, оқу бағдарламаларына парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының білім беру жүйесіндегі үлгісін таныстыру болды.
Іс-шара аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Академиялық адалдық лигасы арасында төртжақты меморандум мен жол картасына қол қою рәсімі өтті. Бұл құжаттар білім беру кеңістігінде адалдық мәдениетін нығайту және тараптар арасындағы әріптестікті жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Форум жұмысы одан әрі пленарлық сессиямен жалғасты. Сессия барысында академилық адалдықтың ұлттық деңгейдегі даму бағыттары, жемқорлықтың алдын алу тетіктері, әділ және ашық білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Форум соңында Департамент басшысы М. Байсалов және Білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім саласындағы академиялық адалдық» атты арнайы шара өткізіп, саладағы негізгі міндеттер мен алдағы бағыттарға тоқталды.

Іс-шара академиялық мәдениетті нығайтуға, парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттауға және білім беру саласының ашықтық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды диалогтық алаң ретінде өз мәресіне жетті.
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті