19.01.2026, 11:30
Оқылды: 69

«Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясында облыстық семинар өтті

2025–2029 жылдарға арналған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының стратегиялық даму бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысында «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастама білім беру ұйымдарындағы педагогикалық сабақтастықты нығайтуға және жас мамандардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 12.15.58 (3)
Осы жоба аясында 2026 жылдың 16 қаңтарында облыс тәлімгерлерінің қатысуымен кезекті семинар ұйымдастырылды. Шара барысында тәлімгерлік институтын дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудың тиімді жолдары қарастырылды. Семинардың басты ерекшелігі – тәлімгерлердің коучингтік құзыреттілігін жетілдіруге басымдық берілуі. Бұл тәсіл жас мамандарға өз қызметіндегі кедергілерді дербес талдауға және кәсіби еркіндікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 12.15.57 (1)
Семинардың практикалық бөлімінде Google Scholar және Deep Research сияқты цифрлық құралдарды педагогикалық зерттеулерде қолдану, сабақты талдаудың заманауи коучингтік техникалары мен әдіс-тәсілдері таныстырылды.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 12.15.58 (4)

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.
Бұл іс-шара өңірдегі тәлімгерлік мәдениетті жаңа сапалық деңгейге көтеріп, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін маңызды диалог алаңына айналды. «Білім берудегі тәлімгерлік» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Индира Бадакова,
баспасөз хатшысы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале