13.11.2021, 11:00
Оқылды: 19

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan» 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының білім бағытына арналған тармақтары талқыланып, жұмыстар пысықталды.

WhatsApp Image 2021-12-20 at 10.55.27

 

Кеңес отырысы барысында құрылыс және білім басқармаларының басшылары баяндама оқып, Жол картасына сай 66 және 68,69,70,71,72 тармақтарға сай жасалған жұмыстарды баяндап, атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.

WhatsApp Image 2021-12-20 at 10.55.25
Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Сатыпалдыұлы мектеп құрылысының барысымен таныстырып, жыл соңына дейін облыс көлемінде 3 мектептің құрылысы аяқталатынын баяндады.
Сонымен қатар Жол картасының 68,69,70,71,72 тармақтарына сәйкес облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы жұмыстардың жолға қойылғанын айтып, жоспарға сай жұмыс жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале