Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, елде ыңғайлы және сенімді «Bilim» ақпарат көзі іске қосылды.
eGov Mobile мобильді қосымшасындағы қолжетімді жаңа сервис білім туралы барлық қажетті ақпаратты бір платформада ұсынады.
- «Bilim» - бірнеше бөлімнен тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген, - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Атап өтейік, бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.