20.07.2021, 10:55
Оқылды: 46

«Білімділер додасы»

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ғарифолла Құрманғалиев  атындағы облыстық филармониясының 55 жылдық  мерейтойы аясында осындай атаумен іс-шара өтті.

19D6195E-4C4D-4C74-9EF1-3F15C473768E

Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және ҚазИТУ ғылым-білім кешенінің ұйымдастырумен болған өнер сайысында филармонияның жеті командасы сынға түсті. Яғни «Дәулеткерей» атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі, дәстүрлі әншілер, классикалық бағыттағы әншілер, эстрадалық бағыттағы әншілер және әкімшілік  бөлімнің біріккен командасы сахнаға шықты.

Өнер ұжымдарының білім және біліктілігін саралау, ұжымда ауызбіршілікті нығайтуды мақсат тұтқан жоба қызықты да тартысты өтті. Интеллектуалдық-танымдық деңгейлерінің жоғары екенін көрсеткен «Дәулеткерей» атындағы қазақ халық аспаптары құрамасымен ешкім теңесе алған жоқ. «Үздік ойыншы» аталымы бойынша «Орал сазы» фольклорлық ансамблі капитаны, дәстүрлі әнші Фархат Оразов марапатталды.

Сымбат Қыпшақбай,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале