«Қала күні-2023» мерекесі аясында жастар арасында «Білімділер додасы» зияткерлік жобасы өтті. «Қала күні-2023» мерекесі аясында жастар арасында «Білімділер додасы» зияткерлік жобасы өтті.
Жастардың ой-таным көкжиегін кеңейтуді мақсат еткен бәсекеде 50-ге тарта ойыншы бақ сынады.
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Білімділер додасы” зияткерлік додасы 2021 жылы бастауын алған болатын. Көрермен көзайымына айналған жоба бүгін де әдеттегідей тартысқа толы болды.
Жоба барысында қызықты да қиын болған логикалық сұрақтар қойылып, мықтылар анықталды.
Жүлделі 3 орынға жалынды жігіттерден құралған “У-шу” командасы алғанымен, олар ағалық пейілдерін көрсетіп өздерінің жеңістерін арулардан құралған “Сүмбіле” тобына тарту етті.
Ал 2 орынға жайдарманшылардан жиналған “Карантино” тобы ие болса, “Бас жүлдені” аға буындардан құралған “Romantic” командасы алды.
Жоба соңында орталық басшысы Дулат Нұрбергенұлы жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтап, марапаттарын табыс етті.
Айта кетейік, Қала күніне арналған шаралар әлі де жалғасады.
Орал қалалық жастар ресурстық орталығы