17.11.2023, 9:45
Оқылды: 47

Бір айдың ішінде мамандандырылған ХҚО-ларда 66 теориялық емтихан нәтижесі күшін жойды

Теориялық емтихан тапсыру үшін ЖЖЕ 3.0 жаңа жүйесі енгелі бері тексеріс ережелері күшейді. Нәтижесінде Шымкент қаласы, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында емтихан тапсыру ережелерін бұзған азаматтардың емтихан нәтижелері күшін жойды.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

JP Цон

Жаңа жүйенің арқасында корпорация мамандары қызмет алушылардың емтихан барысында жеке компьютерлерге қашықтан қосылуға мүмкіндік беретін микроқұлаққаптарды, HDMI сплиттерді қолданғаны туралы деректерді анықтады.

Сонымен қатар қолдануға тыйым салынған құрылғыларды киімнің жеңіне, не электронды құрылғылар орнатылған киіммен алып кіруге тырысқан.

Мәселен, Шымкент қаласында емтихан тапсырушы үшінші тұлғаның көмегіне жүгінген. Ол жақын орналасқан терезені қағу арқылы дұрыс жауапты білдіртіп отырған. Жүйе емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын, терезеге жиі назар аударатынын анықтаса, аудиожазба терезе тұстан келген дыбыстарды тіркеген. Нәтижесінде емтихан нәтижелері есептелмей, күшін жойған.

- Жаңа жүйе биыл, 16 қазан күні Қазақстанның аумағындағы 83 емтихан сыныбына енгізілді. Осы аралықта емтиханды сәтті тапсырғаны туралы нәтиже саны екі есеге азайған. Бұл жүргізуші куәлігін жол жүру ережелерін жақсы меңгерген азаматтардың алып жатқандығын дәлелдейтін көрсеткіш, - деп атап өтті мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Ал емтихан нәтижелері жойылған азаматтар емтиханды қайта тапсыруға тек үш айдан кейін ғана жазыла алады. Айта кетейік, жыл басынан бері бір миллионнан астам жүргізуші куәлігі берілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале