13.06.2022, 12:15
Оқылды: 72

Бір апта ішінде 17 бала қайтыс болды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылғы 3 маусым мен 10 маусым аралығында балалардың қатысуымен болған төтенше жағдайлардың апталық статистикасын жариялады.

22

Ведомствоның мәліметінше, бір апта ішінде елде балалардың қатысуымен 42 оқиға орын алып, осы оқиғаларда 17 бала қаза тапқан. Адам өліміне әкелетін жазатайым оқиғалардың көпшілігі суда болған – жеті бала суға батып кетті. Төрт бала өз-өзіне қол жұмсады (сонымен қатар, екі өз-өзіне қол жұмсау әрекеті де тіркелді). Жол-көлік оқиғасынан үш бала қаза тапты. Ата-анасының қарауынан тыс қалған үш бала қайтыс болды. Бұл ақпараттар жергілікті атқарушы органдардан және әлеуметтік желілерден алынды.

Балалардың басынан өткен оқиғалардың ішінде жоғарыда аталғандардан басқа кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, үйден кету және құқықбұзушылық фактілері де бар.

Дереккөз: depti.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале