Түркістан облысында Сырдария суынан табылған үш адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрнекі фото
Дәрігерлердің айтуынша, баршасының жағдайы жақсы. Қазір қажетті ем-домдарын алып жатыр.
«Оқиға күні судан құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі 49 жаста болса, қалғаны 8 және 9 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, бірқалыпты. Ал одан бөлек, екі жүкті әйел медициналық көмекке жүгінген. Олар суға түспеген, тек оқиғадан қорқып қалған. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды» - делінген Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Еске сала ктесек, 21 тамыз күні Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кеткен болатын. Оқиға Отырар ауданында болған.