Перуде сиам егізін ажырату үшін ота жасалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Фото: видеодан алынған кадр
Телеарна мәліметінше, дәрігерлер екі баланы сәтті ажыратып алды. Кішкентайлардың бауыры бітіп туған екен. 4 сағатқа созылған операция Сан-Бартоломе қаласының ауруханасында жасалды.
Дәрігерлер балалардың жағдайы жақсы екенін айтып отыр. Қазір олар интенсив терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жуық арада үйлеріне жіберіледі.