22.04.2025, 12:30
Оқылды: 472

Бір керемет кеш өтті...

Орал қаласындағы Салтанат сарайында «Махаббат әуендері» ән кеші өтті. Жастар мәдениет сарайы ұйымдастырған кеште махаббат тақырыбындағы әндер шырқалды, аспаптық композициялар орындалып, өлеңдер, монологтар оқылды. Бишілер де өнер көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кештің негізгі міндеті – тарихи тұлғаларды ұлықтау, көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлау.

DSC08186 — копия

– Қазақ халқының тарихында мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу – жыр кейіпкерлері. Жырда қос ғашықтың бір-біріне деген кіршіксіз махаббаты, еріксіз айырылысуы және трагедиялық тағдыры баяндалады. Жыл сайын 15 сәуірде аталып өтетін ғашықтар күні – шынайы сезім мен адал махаббатты дәріптейтін ерекше күн. Бұл мейрамды бірі білсе, бірі білмейді. Сол себепті осы мерекені, қазақылықты насихаттауды мақсат тұттық. Ұлттық болмысымызға жақын, төл әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні – жастарға өз мәдениетін мақтан тұтуға, рухани құндылықтарды бағалауға мүмкіндік береді. Бұл күн – қазақ халқының махаббатты тек сезім ретінде ғана емес, адалдық пен сабырлық, сенім мен құрмет ұғымдарымен астастырып келгенінің дәлелі. Қозы мен Баянның хикаясы жастарды сабырлыққа, төзімділікке шақырып, қиындықтарға қарамастан махаббатты қорғау керек екенін ұғындырады, – дейді Жастар мәдениет сарайының директоры Асыланбек Шайхин.

WhatsApp Image 2025-04-18 at 15.56.32

Концертте Жастар мәдениет сарайы жанындағы скрипкашылар ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, вокалды-аспаптар ансамблі, «Ғасыр жастары» жастар театрының әртістері, сондай-ақ Ербол Ақбасов, Азат Қабиев,  Бибігүл Берекетова, Тарас Жауынбаев және басқа да әншілер өнер көрсетті.

DSC08198 (1)

– Қалыңдығыммен екі жыл бұрын «AQJAIYQ» телеарнасында таныстым. Бүгінде БАҚ саласында бірге еңбек етіп келеміз. Біз үшін ерекше мерекені биыл айрықша атап өту мүмкіндігін дизайнер әріптесіміз Мөлдір Серікбайқызы ұсынды. Қазақы нақышта тігілген киімдер көздің жауын алады. Алғаш рет сән көрсетіліміне қатыстық. Қобалжығанымыз да рас. Сөйтіп, екеуміз өңір өнерпаздары ұсынған әдемі концерттің куәсі болдық, – дейді «AQJAIYQ» телеарнасының редактор-дикторы Ернұр Кінәма.

Мәрлен  Ғилымхан,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале