ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 1 наурыз күні Қазақстан аумағында 4 науқас - коронавирустан, тағы бір адам - пневмониядан қайтқан.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Жамбыл және Павлодар облыстарында коронавирустан бір адамнан көз жұмған.
Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас пневмониядан ажал құшты.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.