30.11.2021, 9:20
Оқылды: 58

Бір тәулікте – 6 әлем чемпионы!

Қазақстан Республикасы құрама командасы сапында жаттыққан батысқазақстандық өрендер әлемдік додаларда топ жарғаны туралы сүйінші хабар ел ішіне лезде тарады. Оралдағы №19 мектептің оқушысы Ислам Қабдоллов Әзірбайжан астанасы – Бакуде 11-12 жастағылар арасында өткен XXXV батуттағы гимнастикадан жеңімпаз атанды.

2

Қаршадай бала акробаттық секіруден ешкімге дес бермеді.

3

Дәл осы уақытта Румынияның астанасы Бухарестте жастар арасында өтіп жатқан қол күресінен ХХХХІІ әлем чемпионатында Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Гауһар Рустамова (55 келі), Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Меруерт Байниязова (70), «Орал» спорт клубының спортшысы Анель Алмұхамбетова (70) топ жарды.

1

«Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» спортшыларынан Көркем Сырым (60) алтын жүлде алса, Айдана Әлжан  (55 келі) қола медальға қол жеткізді.

6

4

8

Құрыш білек сайысында ерлер арасынан Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өрені Ержан Ерболатұлы қарсыластарын сол қолмен ұтып, үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале