15.08.2023, 11:15
Оқылды: 60

Бірінші сынып оқушыларының 70%-ға жуығы мемлекеттік тілде білім алуды таңдайды

Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің telegram каналында жазылды.

msg-1309508988-6663 (1)

Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда. Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп.

Сондай-ақ балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды.

Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале