31.08.2021, 11:47
Оқылды: 83

Бірлескен іс-шаралар өткізілмек

Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және «Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

0304b54a-20ee-4bcb-8b94-d345052dfe53

Медиацияны, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде және сапалы қорғау, дау-дамайларды шешудің басқа да балама тәсілдерін дамыту мақсатында тараптар арасындағы ынтымақтастық – осы өткізілген меморандумдардың негізгі мән-маңызы болып саналады. Алдағы уақытта қол қойылған меморандумның шеңберінде өзара ынтымақтастық, медиативтік рәсімдерді түсіндіру  және насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Облыс тұрғындары арасында жанжалды жағдайларды соттан тыс реттеу үшін медиация институтын кеңінен енгізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленіп, жетілдірілмек. Сондай-ақ азаматтық, еңбек және өзге де әлеуметтік-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша медиацияны қолданудың мүмкіндіктері туралы бірлескен ауқымды жұмыстар  қолға  алынбақ.

 61b3e60d-98bf-4c04-be02-76e10970e89d

Мұғалім Өтей,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале