Өткен аптада Орал қаласындағы «Полиграфсервис» баспасынан Нұрлыбек Бірмановтың «Большой путь славного народа» атты бірінші кітабы 1000 дана таралыммен жарық көрді.
Бұл еңбегінде аутор қазіргі заманғы Қазақстанның аумағында қазақ мемлекеттілігінің даму тарихына зер салып, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуында ерекше мән-маңызға ие рулардың түп-тамырына ой жүгіртіп, «түрік», «қазақ», «алшын», «шеркеш» этнонимдерінің астарына үңіледі. Біраз жылдан бері тарихи таным бағытында жүйелі ізденіп жүрген еңбек ардагері Н.Бірманов енді Шеркеш руының шежіресіне қатысты үш-төрт кітап шығармақ ниетте.
zhaikpress.kz