7.10.2019, 12:53
Оқылды: 81

Биыл 1 183 талапкер Жәңгір хан университетінің студенті атанды

БҚАТУ-дың бірінші курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау рәсімі Жәңгір ханның қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан кезін сахналауымен басталды.

IMG_0363 

 Студент антын қабылдаған кешегі мектеп түлектеріне в.ғ.д Мәлік Шалменов пен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының басшысы Марат Мағжан білім кілті мен сынақ кітапшасын табыстады.

«Stud. start – 2019» салтанатты шарасында университеттің «Ерке-Нұр» би ансамблі, «Прайд» БҚАТУ КТА құрама командасы өнер көрсетіп, Жастар мәдениет үйінің әншілері, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Азат Қабиев, Рустам Хафизов, Әсел Қуанышева шақырылды. Кештің басты қонағы – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, өңіріміздің мақтанышы, жерлес әнші Дәурен Сейітжанов болды.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында 1 183 талапкер Жәңгір хан университетінің студенті атанды. Оның ішінде 1 123-і күндізгі оқу бөлімін таңдаса, 60 абитуриент қашықтықтан оқыту технологиясына жүгінген. «Алтын белгі» иегері; толық емес көп балалы отбасынан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; халықаралық, республикалық, аймақаралық, облыстық, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері, жалпы саны 28 мектеп түлегіне БҚАТУ есебінен білім гранты тағайындалды. 2019 жылдың 23 ақпаны күні БҚО әкімдігі мен облыстық білім басқармасының қолдауымен университетте өткен «Білімді ұрпақ – ел болашағы» зияткерлік сайысының нәтижесінде оқу орданың грантына ие болған 7 жеңімпаз да мүмкіндіктерін пайдаланды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің гранты 23 студентке бөлінсе, 15 студент Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары әкімдігінің гранты негізінде білім алады. «Мәңгілік ел жастары индустрияға» – «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы, Түркістан облысынан болашақ 62 маман Жәңгір хан университетінде даярланады.

Жайнагүл Сағидоллақызы

Жәңгір хан атындағы

 БҚАТУ-дың медиа-орталығының маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале