ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепованің айтуынша, биыл егіс алқаптары 25 мың гектарға дейін кеңейтілді, орташа өнімділік 436 тоннаға дейін жеткізілді, енді 1,2 млн тоннаға жуық қант қызылшасын жинау жоспарланып отыр. Елімізде үш зауыт қант қызылшасын өңдеумен айналысады – Мерке, Ақсу және Көксу зауыттары. Осы кәсіпорындар қант қызылшасын қабылдап жатыр.
«Бүгінгі күні 635 мың тонна қант қызылшасы қабылданды. Жалпы биылғы жылы 120 мың тоннаға жуық қант өндіру жоспарланып отыр. Осы мақсатқа 25,8 млрд теңге бөлінді. Бұл зауыттардың айналым қаражатын толықтырып, шаруалардан қант қызылшасын сатып алуға жұмсалады. Одан бөлек, субсидияға 26,6 млрд теңге бөлінбек», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.