«Биыл су шаруашылығы саласының мамандықтары бойынша білім алатын 82 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті», - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.
Фото: сайт архивінен
Еске сала кетейік, жыл басында Су ресурстары және ирригация министрлігі 9 ЖОО-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған болатын. Осының нәтижесінде жоғары оқу орындарының студенттері «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды.
«Меморандумдарда тәжірибе жинақтаушы студенттерге жалақы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру және оған жаңа кадрларды тарту үшін жасалып отыр. Студенттер өз кезегінде практикалық тәжірибе жинап, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады», - деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүсілім Жиенбаев.