14.11.2025, 12:30
Оқылды: 95

Биыл әр екінші иммигрант Қазақстанға Өзбекстаннан қоныс аударған

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге басқа елдерден тұрақты түрде тұру үшін 16,2 мың адам келген, олардың 8,3 мыңы немесе 51%-ы бұрын Өзбекстанда тұрған деп көрсетілген ҚР СЖРА ҰСБ деректерінде.

5235830644867271896

Аталмыш республикадан келгендердің абсолюттік саны соңғы он жылдан астам уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жетіп тұр, бұдан көп көрсеткіш тек 2013 жылы болған еді. Бұл мемлекеттің жалпы келгендердің ішіндегі үлесі 2014 жылдан бері алғаш рет 50%-дан асты. Жалпы алғанда, соңғы 15 жылға көз жүгіртсек, көрсеткіштің 50%-ға жақын болуы оныншы жылдың басына тән болған, ал кейін біртіндеп төмендеп, республикадан келетін иммигранттардың жалпы саны да азайған.
Шыны керек, нақтылық үшін айта кетейік, толық талдаудың ішінде 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған деректер қолжетімсіз. Дегенмен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның үлесі небәрі 37% болған, ал көші-қон әдетте жыл бойы біркелкі жүреді. Демек, үш тоқсандық нәтиже де осы шамада болу керек.
Енді өткен жылмен салыстырғанда биыл қандай өзгерістер болғанын айтып өтейік. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Өзбекстаннан келгендердің саны жылдық мәнде аса қатты өсе қоймаған, 11%-ға ғана, ал бірақ олардың үлесі шамамен бірден 15 п.т. өскен.
Неліктен бұлай болды? Себебі иммигранттарлың жалпы көрсеткіші былтырғы 20,4 мыңнан биыл 16,2 мыңға дейін азайды. Бұл, ең алдымен, РФ-дан келгендердің күрт қысқаруымен (-47%, яғни 3,1 мың адамға дейін), оған қоса Моңғолиядан келген иммигранттардың азаюымен (былтырғы серпілістен кейін бірден 71%-ға, 0,3 мың адамға дейін азайған) байланысты.
Қорытындысында Өзбекстаннан кімдер көшіп келіп жатыр дегенге тоқталайық. Бөлінген мәлімет этнос бойынша ғана қолжетімді, сондықтан үш адамның екеуі қазақтар жайлы сөз болып тұрғаны анық. ҚР-ға келгендер тұратын орны ретінде, ұлтына қарамастан, көбінесе, Алматы облысын (41%) немесе Маңғыстау облысын (тағы 22%) таңдайды.

@DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале