14.04.2021, 11:47
Оқылды: 35

Биыл БҚО-да 16 мың адамға арналған 16 сумен жабдықтау нысаны салынады

Мемлекет басшысының индустрияландыру және экономикалық өсуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында өңірді дамытуға бағытталған кешенді жұмыстар белсенді жүргізілуде. Аталған жұмыстардың стратегиялық маңызды бағыттарының бірі - тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту.

95B73B67-AA2D-484C-80A9-18DA00CC1EDF

Айта кету керек, 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су», «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» салалық бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде 2002-2020 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 3558 шақырым болатын 262 нысан салынып, қайта жаңартылды.

Бұдан бөлек, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде биыл 16 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 16 сумен жабдықтау нысанын салуға және қайта құруға 4,2 млрд. теңге бөлінді. Сумен жабдықтау құрылымдарының жалпы ұзындығы 266 шақырымды құрайды.

Нәтижесінде сумен қамту көрсеткіші 2,8 пайызға артып, жалпы облыстың сумен қамту көрсеткіші 57,3 пайызды құрамақ.

Сондай-ақ 244 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылатын болады.

БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале