Өткен жылы Ақ Жайық өңірінде 637,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5000-нан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Сурет: сайт архивінен
Өткен жыл қорытындысы бойынша өңірімізде бюджет қаражаты есебінен 10 көппәтерлі тұрғын үй (1548 пәтер) және АЕМ-де 39 тұрғын үй (470 пәтер), барлығы 2018 пәтер құрылысы жүргізілді.
2024 жылы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 30 млрд. теңге қарастырылды.
2024 жылға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 633 мың ш.м. құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар – 316 млрд. теңге құрады.
Алдын ала болжам бойынша жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші 637,4 мың ш.м. немесе 100,8%, құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 335,5 млрд. теңге немесе 111,9% құрайды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен 5 көпқабатты тұрғын үй (628 пәтер) және АЕМ – де 25 тұрғын үй (218 пәтер) пайдалануға берілді, барлығы - 846 пәтер. Оның ішінде:
Сонымен қатар РБ қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін облыс бойынша 805 пәтер сатып алынды, оның ішінде Ақжайық ауданы – 37, Бәйтерек ауданы – 54, Бөкей ордасы – 22, Бөрлі ауданы – 136, Жаңақала ауданы – 67, Жәнібек ауданы – 32, Казталов ауданы – 142, Қаратөбе ауданы – 2, Сырым ауданы – 45, Тасқала ауданы – 34, Теректі ауданы – 10, Шыңғырлау ауданы – 36, Орал қаласы – 188.
2025 жылға 21 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланды. Соның ішінде 19 ауыспалы нысанның құрылысы жалғасады және екі жаңа жоба қолға алынады.
Орал қаласында – 5, Ақсай қаласында – 2 үй және ауылдарда 14 үй (Теректі ауданындағы Подстепное ауылында) салынады. Тұрғын үйлерді жыл соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Оған қоса, биыл халықтың әлеуметтік осал топтар үшін республикалық бюджет есебінен 205 пәтер алуға 2,8 млрд. теңге қарастырылды.
Тілепберген Каюпов,
БҚО әкімінің орынбасары