25.02.2021, 10:31
Оқылды: 11

Биыл БҚО-да бағбандарды қолдау үшін 800 млн теңге қайтарымсыз грант бөлінбек

БҚО әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желіде бағбандарды қолдауға қатысты өз идеяларымен бөлісті.

0FAD4ECC-B790-45D8-86A6-BCC28CB3078C

Құрметті батысқазақстандықтар!

Әдеттегідей туындаған идеяларды іске асыру барысы бойынша айта кеткім келеді.

Бүгінгі таңда №3 https://www.facebook.com/groups/UralskBiz/permalink/821801691708092/ идеяға инвестор әзірге анықталған жоқ.

Бір кәсіпкер өз жылыжайында эксперимент жасап, осы технологиямен қылқан жапырақты ағаштардың бірнеше көшетін отырғызуды көздеуде, егер барлығы дұрыс болып кетсе жүйелі кәсіпке айналдыруды жоспарлап отыр.

Екінші нұсқа - жергілікті университет идеяны ғылыми-зерттеу жоба ретінде жүзеге асыруға дайын. Оған инвестиция 100% мемлекеттен бөлінсе, ал операциялық шығындарды университет өзі төлейді.

Қазір екі нұсқа да (инвестор немесе университет) анықталуда.

Біз жобаны жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

3C9AE74C-3C77-48D5-BFD9-3C8F80DB1F68

№4 идея. «Менің аулам - менің бағым».

Мемлекет жыл сайын «Еңбек» бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарына бағытталған 100-580 мың теңге аралығындағы қайтарымсыз гранттарды беру үшін жүздеген миллион теңге бөліп келеді. Биыл 800,0 млн. теңгеге жуық қаржы жоспарланды.

10E2059C-0C32-4E16-81EF-1C73664FE906

Біздің тұрғындар гранттарды не үшін алады?

Олар көп жағдайда гранттарды құс өсіру үшін, тігін машиналары, кондитерлік жабдықтар, шаштараздар ашуға және т.б. мақсаттарға алады.

Біздің бастамамызбен биылдан бастап бағдарламаға грант есебінен жеміс-жидек бұталары мен ағаштардың көшеттерін беру ұсынысын енгіздік.

958D1D7F-7ADC-4FB1-B002-E88F66000E34

Бұл бастама қайдан туындады?

1.  Өкінішке орай өткен жылдары грант алғандардың ішінде тек 15-20% ғана өз кәсібін жүргізіп, тұрақты табыс көзін таба алды.

Біз зерттей келе нарықта жеміс-жидектерге (сондай-ақ олардың өңделген өнімдері - джем, тосап, кептірілген жемістер және т.б.) сұраныс жоғары екенін байқап отырмыз.

Қазірде біз өнімге мемлекеттік тапсырыс беру мәселесін пысықтап жатырмыз.

Баптап өсірілген бақ сізге жыл сайын тұрақты өнім (кіріс) алуға және келешекте 3-8 млн.теңге көлеміндегі жеңілдікпен шағын несие алуға мүмкіндік береді.

2. Облыстың әр ауылдық елдімекеніндегі көп отбасында бақшада, жерде жұмыс жасауға қабілетті адамдар бар (жасөспірім, ересек, зейнеткер).

Яғни, біздің табысы аз, мыңдаған отбасыларымыз өз үйлерінің жанынан өнім өсіріп, табыс таба алады. Ол үшін аулада 20 - 50 шаршы метр жер учаскесі болса жеткілікті.

3. Тәжірибесі бар және тәлімгер бола алатын адамдар да бар. Солардың бірі белгілі бағбанымыз – Кайрат Каримов. Ол жеміс-жидек бұталары мен ағаштарының көшеттерін сатып, оларды өсіруге ғылыми қолдау көрсете алады. Тәжірибесі мол бағбанның кеңестері бақты баптау барысында қателіктер жібермеуге және көп өнім алуға көмектеседі.

«Менің аулам – менің бағым» жобасын жүзеге асыру үшін қолдау көрсететін жанашырлар қажет. Олар:

- біздің жерлестеріміз бұл кәсіпті жүргізуді үйретіп, сүйікті тірлігіне айналдыра алады. Бұл жобаны кеңірек дәріптеу үшін әлеуметтік желілерді пайдалану керек. Түрлі вебинарлар өткізіп, БАҚ беттерінде кеңірек насихаттау қажет;

- жерлестеріміз осы бизнесті дөңгелетіп кетуге мүмкіндік беретін шешімдерді және осы жобаны одан әрі дамытуға өз идеяларын әкімдікке ұсыну қажет (мысалы, мектеп аймағында ұжымдық бақ ұйымдастыру үшін нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу, мектеп пен бақшаны жалға алушылар арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтау және т.б.)

- әр үйді аралап, кімнің бау-бақша өсіргісі келетіндігін анықтап, қандай көмек керегін анықтайтын волонтерлердің жұмысын ұйымдастыру керек.

Осы жобаны жүзеге асыру ісіне қол ұшын беремін дейтіндер  Нарымбетов  Бақытжан Хаберұлына хабарласуына болады.

Телефон: +77016555684.

Репост жасауды өтінемін.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале