Бұл жайлы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев айтты.
Аталмыш басқарма «Рухани қазына» кіші бағдарламасын БҚО бойынша үйлестіруші болып бекітілген. Оның «Туған жер – туған ел» базалық бағыты бойынша 66 іс-шара, соның ішінде 12 жоба, «Қасиетті Қазақстан» аясында 25 шара, ондағы 3 жоба, «Қазіргі Қазақстанның мәдени жетістіктерінде» 5 іс-шара, соның ішінде 4 жоба белгіленді. Өткен жылға жоспарланған индикатордың бәрі орындалды.
Биылғы жобалардың ішінде Жәнібек ауданында қазақтың көрнекті ақыны, ағартушы-ойшыл, философ, «Алаш» партиясын қолдаған қоғам және дін қайраткері Ғұмар Қарашқа (1875-1921) кесене салу жоспарланған. Құны 8 млн. теңге болатын жоба меценаттар көмегімен жүзеге аспақ.
Сәкен Әбілхалықов,
zhaikpress.kz