Былтырғы жыл соңында Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейінің ашылды. Музей мемлекетіміздің жетістіктері мен Ақжайық өңірінің тарихын бейнелейтін 500-ден астам экспонатпен жасақталды. Меценаттардың қолдауымен жасақталған бұл музейді жыл ішінде 7 мыңнан аса адам тамашалаған. Сондай-ақ, Жаңақала, Шыңғырлау, Зеленов аудандарында тарихи-өлкетану музейлері ашылды.
Облыстың 4 ауданының 4 ауылдық кітапхана базасында жалпы сомасы 16 млн. теңге құрайтын коворкинг-орталықтар ашылса, алдағы жылы 4 ауылдық кітапхана және 12 аудандық кітапхана базасында коворкинг-орталықтар ашу жоспарланған.
Ұлы күйші-композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолын зерттеу, құнды мұраларын қастерлеу мақсатында «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты халықаралық ғылыми экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл экспедиция нәтижесі «Жаһандану әлемі және Құрманғазының мәңгілік мұрасы» атты республикалық конференциямен қорытындыланды. Орал қаласында 1700 домбырашы қатысуымен «Нағыз қазақ - домбыра» акциясы өткізіліп, акция ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына тіркелді.
Кітап оқуды насихаттау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін, білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту«KITAPFEST-2018» атты кітап фестивалі өтті.
«Жайықтың киелі жерлері» атты өлкетанушылар форумы Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын сақтау және насихаттауды мақсат етті.
Келер ұрпақ жанында мәңгі сақталар ұлы тұлғалардың бірі Асан Қайғы бабамызға арналған «Асан Қайғы аялдаған аяулы мекен – Шыңғырлау!» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, меценаттың 7 млн. теңге қаражатына ескерткіш тұрғызылды.
Әлеуметтік саланы, соның ішінде ішкі туризмді дамытуға бағытталған «Саят» этнотуристік орталығы ашылды. Бұл облысымызда тұңғыш рет қолға алынған көрнекті инвестициялық жоба.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер