13.11.2023, 12:30
Оқылды: 44

Биыл браконьерлер мемлекетке 13 млрд теңге шығын келтірді

Жыл басынан бері елімізде қоршаған ортаны қорғау саласында 300 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Бұл туралы ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

ЖП ақша

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Полиция қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жүргізуге және браконьерлікпен байланысты қылмыстық істерді тергеуге көмек көрсетеді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Экологиялық құқық бұзушылық бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Жалпы, оның атап өтуінше, браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарының ауырлығын толық түсінбеуі. Орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы табиғи ресурстарын бақылаусыз пайдалану елдің бүкіл экожүйесіне кері әсерін тигізеді.

«Осы себепті мемлекеттік органдар бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық іс-шараны қолға алуда. Жоғары тәуекел маусымдарында рейдтік іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Мысалы, балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше әлжуаздығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтіледі», - деді Әлішер Жармағамбетов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале