22.12.2023, 10:45
Оқылды: 45

Биыл цифрлық даму министрлігі байланыс операторларына 3 миллиардтан астам айыппұл салған

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері байланыс операторларына қатысты 763 жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 3 миллиард 18 миллион теңге айыппұл салынған.

ddee5e14ddffccae86fc5d0b321a46ec_1280x720

Фото: gov.kz

Жеңілдікті ескере отырып, бюджетке 1,5 миллиард  9 миллион теңге төленген.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінен бастап заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 1000 АЕК есебінде айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл 1500 АЕК-ке дейін өседі.

2019 жылдан 2022 жылға дейін, яғни айыппұлдардың өсуіне дейінгі кезеңде операторлар нұсқамалардың тек 33%-ын,  ал айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындаған.

Операторға қатысты байланыстың немесе интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына «Электронды үкімет» порталы, «Е-Оtinish» өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет.

Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале