Елімізде жаздық дақылдарды жаппай егу басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Сурет: telegram.org

«Күздік дақылдарға келетін болсақ, 2025 жылдың егініне күздік дәнді дақылдар 405,7 мың га алаңға егілді. Олардың 74%-ы жақсы, ал 23%-ы қанағаттанарлық жағдайда», — деп нақтылады Айдарбек Сапаров.
Сонымен қатар спикердің айтуынша, оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау басталды. Атап айтқанда, Түркістан облысында 1,2 мың гектар алқаптан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды.
Биыл 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарлануда, бұл жаңа өнім жинауға дейінгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.