12.07.2024, 17:16
Оқылды: 86

Биыл елімізде ірі автожолдар іске қосылады

Атап айтқанда «Астана – Алматы», «Алматы – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» жолдары пайдалануға беріледі. Қазір 80% дайын. Бұл жөнінде Ұлттық арна жазды.

жол Жаңақала

Сурет сайт архивінен/zhaikpress.kz

«Алматы – Астана» республикалық маңызы бар автокөлік жолының құрылысы аяқталуға жақын. Бағыт төрт негізгі бөлімнен тұрады: Қарағанды – Балқаш, Балқаш – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Күрті және Шамалған станциясына айналма жол. Барлық учаскенің жалпы ұзындығы – 946 шақырым.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қалған жолдар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале