26.05.2023, 11:30
Оқылды: 29

Биыл Қазақстанда жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланған

2023 жылы еліміздің өңірлерінде жаңадан 36 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Айта кету керек, спорт инфрақұрылымын қаржыландыру, жөндеу және қайта жабдықтау жұмыстары жергілікті әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

50d296c8-e7b6-41a8-9f00-ba9ae6f6a273

Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының әрқайсысында төрт спорт нысанынан салынады.

Жамбыл және Ұлытау облыстарында үш спорт нысанынан салынса, Абай, Атырау, Түркістан облыстарында екі нысаннан жоспарланған. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әрқайсысында бір спорт нысаны жаңадан бой көтереді.

Бұдан бөлек, биыл жұмыс істеп тұрған спорт нысандарын реконструкциялау бағытында 9 нысанды жөндеуден өткізу қарастырылған.

Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сай 2029 жылға қарай елімізде жаңадан 113 спорт нысанын қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ 20 спорт нысанын жаңғыртып, модернизациялауды және 6 спорт нысанын қайта жабдықтауға ниетті.

«Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарымыздың санын арттыру үшін өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту қажет. Мәдениет және спорт министрлігі жаңа спорт нысандарын салу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. 7 облыста 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2029 жылға дейін жаңадан 113 спорт нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ әкімдіктермен аз шығынды қажет ететін, модульді спорт алаңдарын салу бағытында да бірлесе жұмыс атқаратын боламыз»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале