20.02.2026, 17:30
Оқылды: 54

Биыл «Қазсушар» қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру басталады

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл бұған дейін реконструкциядан өткен «Қазсушар» РМК қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру жұмыстарын бастайды.

_gluster_2026_2_20_b6d4e0292e11008d3973d222240ae83f_1280x720

Жоба аясында механикалық гидрожапқыштарды автоматтандыру, сондай-ақ оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнату көзделген. Жалпы осы шаралар нәтижесінде ұзындығы 502 шақырымнан астам суару желісі цифрландырылады.

«Бұл – Қазақстандағы ирригация желілерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған жалғыз жоба емес. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен оңтүстік өңірлердегі 103 канал бойынша жұмыстар басталады. Соның нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады. Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында тағы 263 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуына арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары аяқталады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале