Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
- Облыста 5 мектеп апаттық жағдайда деп танылған. Олар – Орал қаласындағы №31, №33 мектептер, Ақжайық ауданындағы Абай атындағы гимназия және М.Өтемісов атындағы орта мектеп, Қазталов ауданындағы А.Оразбаева атындағы орта мектеп.
Бұл мәселені шешу үшін 2 мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Биыл Қазталов ауылында 600 орындық А.Оразбаева атындағы орта мектеп пен Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталмақ,-деді Шолпан Маратқызы.
Осы оқу жылының басында үш ауысымды 5 мектеп болды. Желтоқсан айында Зашаған кентіндегі Сарытау шағынауданында 900 орындық №50 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымды мектептер саны біреуге азайды. Қазір Орал қаласындағы №18, 20, 47 мектеп және эстетикалық бағыттағы мектеп гимназия үш ауысымда жұмыс жасауда.
Еске сала кетсек, қазір білім беру саласының бюджеті 60,5 млрд. теңгені құрайды.
Нұрлыбек Рахманов,
суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер