Қазіргі уақытта тасымалдауға 20 мыңнан астам ашық вагон тартылған, оның ішінде 11 мыңы коммуналды-тұрмыстық көмірді тасымалдауға, 9 мыңы энергетика саласына арналған. Сонымен қатар 3 мыңға дейін жеке операторлардың вагондарын қолдануға мүмкіндік бар, деп хабарлады Көлік министрлігі Үкімет отырысында.
Сурет: Үкімет
«Жеткілікті локомотив паркі дайындалған. Ұлттық оператор локомотивтерінің жалпы саны 1мың 807 бірлікті құрайды. Жылжымалы құрамның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде биыл 185 локомотив сатып алынды. Жалпы жұмылдырылған жылжымалы құрам қажетті көлемді тасымалдауды толық қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Марат Қарабаев.