27.02.2017, 15:20
Оқылды: 62

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасымен 10млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің төрағасы Мархабат Жәйімбетов халықты баспанамен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысына қолдау көрсету үшін жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасының әзірленіп, қабылданғанын хабарлады.


Оның айтуынша, 2017 жылы 10 млн. шаршы метрден астам, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 1,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру туралы шешім қабылдады.

«Бағдарламаның негізгі бағыты – жеке тұрғын үй құрылысына қолдау көрсетуі. Ол негізгі бес міндетті іске асыруды көздейді. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-инфрақұрылымы дайындалған жер телімдері бөлінетін болады. Инфрақұрылымды салуды мемлекет қамтамасыз етеді. Мемлекет халық үшін ипотеканың құнын пәтер сатып алу кезінде 10 пайызға дейін және жеке тұрғын үй сатып алу кезінде 5 пайызға дейін азайту үшін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ арқылы субсидияларды ұсынатын болады. Және құрылыс салушылармен тұрғын үй салуды ынталандыру үшін несиелер бойынша «Даму» АҚ арқылы 7 пайыз мөлшерінде субсидиялар ұсынылды», - деді Мархабат Жәйімбетов.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале