11.04.2018, 17:09
Оқылды: 158

Биыл Оралда гүл егілген алаңдар 30 мың шаршы метрге жетеді

1


Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтты.

Шаһарды абаттандыру жұмыстарына тоқталған қала әкімі биыл Әбілқайыр хан даңғылынан Желаев тасжолына дейінгі №3 көше және Саратов тасжолы бойынша 1800 дана көшет отырғызу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар, қала аумағында жаңадан салынған нысандардың берілуіне байланысты гүлдер отырғызу аумағын да арттыру жұмыстары қолға алынбақ. Мысалы, өткен жылы 21 мың шаршы метр алаңға гүл егілсе, биыл 30 мың шаршы метр жерге гүлзар отырғызу жұмыстары жасалады деп жоспарлануда. Бұған қоса, қала көшелерін көркейту, көгалдандыру бағытында әр түрлі вертикалды конструкциялар дайындау жұмыстары қолға алынуда.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

zhaikpress (1) zhaikpress (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале