Биыл қалада әлеуметтік осал топтағы отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында жаңа пәтерлер сатып алынды. Аталған жұмыс «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасы» аясында жүргізілді, деп жазды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа пәтерлер жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, толық емес отбасылар және өзге де санаттар бойынша берілді.
Өткен жылдың аяғында кезекте тұрған 25 отбасы баспаналы болды. Биыл тағы 158 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Пәтерлер республикалық, жергілікті бюджеттен және «Samruk Kazyna» АҚ есебінен сатып алынды.
Оралда жыл аяғына дейін кезекте тұрған тағы 30 отбасыға баспана беру жоспарланған.