Бұл туралы Үкімет отырсында көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың баяндауынша, биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық.
Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 13 миллион жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр.
Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25%-ға артқан.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 130 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 16%.
Әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр.
Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады.
Нәтижесінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есеге артып, 14 млн адамға дейін, Қызылорданікі 6 есеге артып, 2 млн адамға дейін, Шымкенттікі 7 есеге артып, 6 млн адамға дейін артады.