4.02.2020, 17:39
Оқылды: 32

Биыл Тасқала ауданында мал бордақылау алаңы ашылады

Тасқала ауданында инвестиция тарту мәселесі де қарқын алып келеді.

taskala (36)

-Бірлік ауылы маңында «Taskala-Et BKO» ЖШС 5 120 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қоспақ. Осы жоба арқылы 2019 жылы 1,3 млрд. теңге инвестиция тартылса, 2020 жылы қосымша мал сою алаңын салу мен техника алуға қосымша 1 млрд. 73 млн. теңге қаржы қажет. Бұл жоба жалпы облыс экономикасының дамуына серпіліс беретіні айқын. Атап айтсақ, аудан бюджетіне түсетін салық түсімі мен жаңадан ашылатын жұмыс орындарын есептемегенде, ауданның агроқұрылымына, соның ішінде ауыл шаруашылық өнірістік кооперативтеріне бордақылау алаңына мал өткізгені үшін мемлекет тарапынан субсидия төленеді. Экологиялық таза ет өнімі экспортпен қатар, отандық нарыққа да шығарылады, - деді аудан әкімі А.Халелов.

taskala (17)

Тасқала ауданындағы мал бордақылау алаңы мен мал сою пункты іске қосылғаннан кейін қайта өңделген ет өнімі экспортқа шығарылмақ. Мысалы, тек 2019 жылы шетелге экспортқа 8052 бас ірі қара және 4 460 ұсақ мүйізді мал шығарылса, көршілес облыстарға 2 810 ірі қара, 5 402 ұсақ мүйізді мал және 593 жылқы шығарылған.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале