26.10.2021, 17:20
Оқылды: 42

Биыл үйірлі шегіртке 640,8 мың гектарға таралды - АШМ

Республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 11 түрі тараған. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлы айтты.

25

«Шегіртке және карантиндік зиянкестерге қарсы күрес, егістіктерді аса қауіпті зиянды организмдерден қорғау жөніндегі ағымдағы жағдайды хабардар етейін. Республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 11 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл үйірлі шегірткелер 640,8 мың гектар алаңда таралған, оның ішінде итальяндық прус - 384,7 мың гектар, азиялық шегіртке – 142,0 мың гектар және марокко шегірткесі – 114,1 мың гектарға таралды. Сонымен қатар, саяқ шегіртке зиянкестері 239 мың гектар алаңда таралған», - деді А. Марсұлы Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның айтуынша, жалпы шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,4 млрд теңге бөлінді. Қаржы пестицид пен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңға сатып алуға мүмкіндік берді.

«Үйірлі шегірткелерге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі топтарындағы препараттары сатып алынды.

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және мониторингпен химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітілді. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін GPS навигаторларды, GPS трекерлерді, планшеттерді пайдалана отырып және 524 автокөлік пен 1 230 тексеруші тартылып, 38,4 млн га тексеріледі», - деді комитет төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге 148 арнайы бүріккіш техника тартылды. Шегірткелердің ҚХР, Ресей, Өзбекстан секілді көршілес мемлекеттердің аумағынан шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегірткелер зиянкестерін анықтау мақсатында бірлескен зерттеулер жүргізілді.

«Жалпы, уақтылы жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралардың арқасында шегірткелердің таралу алаңын 2018 жылғы 1,7 млн гектардан 2021 жылы 640,8 мың гектарға дейін қысқартуға қол жеткізілді», - деді Алмабек Марсұлы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале