14.07.2017, 15:14
Оқылды: 57

Биылдыққа облыста өрттен келген шығын 9 млн. теңгеден асты

Ort  Облысымызда биылғы бірінші жартыжылдықта 278 өрт тіркелді. Бұл туралы БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Амангелді Ешмұханов мәлім етті.


   Оның айтуынша, осы кезеңде өрттен келген шығын 9 млн теңгеден асты. Өрт салдарынан 4 адам қаза тауып, 10-ы түрлі жарақат алды. Өрттің басым бөлігі (190-ы) тұрғын үй секторында орын алды. Жаз шыға өрт қаупі күшейетіні белгілі. Осыған орай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар алынуда. Сол секілді адамдардың суға кетуін болдырмау бағытында да жұмыстар жасалуда.

  БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеевтің сөзіне қарағанда, суға түсу маусымы басталғаннан бері адамдар жиі шомылатын өзен жағалауларында қауіпсіздік бекеттері жұмыс жасауда. Соның нәтижесінде он адам құтқарылса, соның бесеуі - балалар. Өкінішке қарай, екі адам суға кетті. Өткен жылы осы мерзімде 7 адам судан шықпай қалған болатын. Адамдардың суға кетуіне олардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, жүзу білмеуі, мас күйінде түсуі әсер етуде.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале