1.11.2024, 10:45
Оқылды: 84

Биылғы егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары, деп хабарлады АШМ.

IMG_0572

Сурет: АШМ

Ресейге тасымалдау шектеусіз жүргізілуде. Соңғы екі айда Ресейге 23,4 мың тонна тауар жіберілді, ал Ресей арқылы транзиттік тасымалдау 113 мың тоннаны құрады. 

Ақтау порты арқылы Иранға тасымалдау соңғы екі айда 250 мың тоннадан асты.

Орталық Азиядағы дәстүрлі нарықтарда жаңа егіннің тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-дан астамға өсті және 1 млн тоннадан асты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале