Иә... Мектеп формасынсыз сабаққа бару мүмкін еместей көрінуші еді бізге. Матасы қалың, қайырма жағалы қоңыр көйлек. Ақ фартук пен ақ бантик, әппақ жаға-жеңұш әр оқушыға мндетті. Аяқта ақ немесе қара туфли (сандали, танкетки...). Бастауыш сыныпта ортасында Володя Ульяновтың сүп-сүйкімді суреті бар октябрят белгісін тағасың. Үшінші сыныпқа келгенде пионер қатарына өтіп, қызыл галстук байлайсың мойныңа. «Всегда готов!» деген пионер значогы да болды, үстінде алауы бар. Одан кейін 7-8 сыныптарда комсомолға өтесің. Қолда билет, кеудеде белгі. Жарна төлейтінің бар тағы...
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №39 санындағы белгілі ақын Дариға Мұштанованың «Біз киген мектеп формасы...» атты мақаласынан оқып, өткен шаққа саяхат жасаңыз, оқырман!
zhaikpress