29.07.2022, 13:00
Оқылды: 36

Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Амфитеатрда "Парасатты отбасы" бейнероликтер онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өтті.

WhatsApp Image 2022-07-29 at 10.21.04

«Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қоры БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің, «AMANAT» партиясының қолдауымен бейнероликтер байқауын өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы байқауға өз бейнероликтерін оннан астам отбасы жіберген. Үш отбасының жұмысы ең үздік деп танылды.

Отбасы - мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Адамның мейірімділік, патриотизм және отанға деген сүйіспеншілік сияқты ең жақсы қасиеттері отбасында қалыптасады. Сол себептен де мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында тұлғаның жоғары моральдық қасиеттерін, атап айтқанда адалдық, парасаттылық, ашықтық, заң бұзушылықты қабылдамау және қоғамға қарсы мінез-құлықты қалыптастыру институты ретінде отбасының тәрбиелік рөліне аса зор көңіл бөлінеді.

Байқау аясында қатысушылар парасаттылық, адамгершілік, қоғамға қарсы мінез-құлықтан бас тарту үлгілерін көрсететін шағын бейнероликтер дайындаған. Олардың үздіктері алдағы уақытта әлеуметтік желілерде жарияланады.

- Байқау идеясы парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті және белсенді азаматтық ұстаным қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған. Бұл миссияны Имашевтар, Досқалиевтар және Жұматаевтар отбасылары тамаша орындады, олар бүкіл отбасымен сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа және еліміздің заңдарын бұзуға өздерінің төзімсіз көзқарастарын білдірді, – деп атап өтті конкурс өткізу жөніндегі комиссия төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Айгүл Туркина.

Жанна Балыкова,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале