12.03.2024, 11:45
Оқылды: 34

«Бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»

ҚР Премьер-Министрі коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажеттігі туралы айтты.

3af76427-e179-4113-ae73-33234deab559

Фото: t.me/KZgovernment

«Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Ал бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді», — деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеуді айтарлықтай арттырудың маңыздылығына тоқталды.

«Осындай жобаларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың тиімді тетіктері енгізілуі қажет. Оның үстіне, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау жобалары 15 жылға 3% жеңілдікті мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырады», — деді Премьер-Министр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале