9.11.2022, 23:58
Оқылды: 48

"Бізді ауыр да қызықты матч күтіп тұр" Бауыржан Омаров

Қарашаның 12-сі күні футболдан ҚР кубогінің шешуші матчы өтеді. Аяқдоп додасының бас жүлдесін оралдық "Ақжайық" пен шымкенттік "Ордабасы" сарапқа салады. Бүгінде командалар елордаға келіп, осы маусымдағы соңғы матчына дайындықтарын пысықтауда.

Miki_tyuk_025

"Ақжайық" капитаны Бауыржан Омаров алда болатын ойын туралы пікірін білдірді.

- Өкінішке орай премьер лигадан шығып қалдық. Енді кубоктік матч финалында барымызды салып, жанкүйер көңілін көтергіміз келеді. Бізді ауыр да қызықты матч күтіп тұр. Намысты қолдан бермеуге тырысамыз, - деді Бауыржан Омаров.

Айта кетейік, "Ақжайық" өз тарихында алғаш рет ел кубогі бәсекесінің финалына шығып отыр. Бұл жолда оралдықтар "Қайсар", "Ақтөбе", "Қайрат" және "Тараз" командаларын артта қалдырды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале