10.11.2021, 16:45
Оқылды: 44

Біздің eGov ресейлік "Сберге" берілмейтін болды

Ресейлік Сберге отандық электрондық платформа берілмейтін болды.

3EF15962-2AF6-4022-9B90-D700A4E36496

Елімізді цифрландыру мәселесімен әрі қарай тек қазақстандық IT компаниялар айналысады. Бұл туралы құзырлы министрлік жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан айтты деп жазады ulysmedia.kz.

“Бұл азаматтық қоғамның, яғни сіз бен біздің үлесіміз”, – деп атап өтті қоғам белсендісі цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасай отырып.

Тиісінше Қазақстан азаматтарының жеке дерегі сыртқа тарамайды. Сонымен қатар, 500 млн доллар төңірегіндегі қаржы да жалпы алғанда ел ішінде қалмақ.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале